Қарағандының бұрынғы әкімі М.Смағұлов 1 наурызға дейін қамауда болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қызметтік өкілдігін теріс пайдалануда күдікті танылған Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың қамауға алыну мерзімі тағы бір айға, 2015 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлады Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.

«Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен ҚР ҚК-нің 307 бабының 4 бөлімімен («Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметтік өкілдігін асыра пайдалану») қарастырылған қылмысты жасауда күдікті танылған М.Смағұловтың қамауға алыну мерзімі 5 айға, 2015 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды. Бұл туралы тергеу өтініш берді, өйткені қажетті тергеу әрекеттерін өткізу үшін тағы уақыт керек», - деді Ә.Жошева.

Сот Смағұловтың қорғаушыларының бұлтартпау шарасын жұмсарту туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Бұрын хабарланғандай, бұған дейін сот М.Смағұловтың қамауға алыну мерзімін 4 айға, 2015 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартқан еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram