20:21, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Қарағандының көлік базарынан өрт шықты
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағандының автобазарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға бүгін түс кезінде Қазыбек би атындағы ауданда орналасқан «Саноп-авторынок» ЖШС-ның маңында болды.
«Тілсіз жау 4 темір контейнерде болып, автобазардың жанында орналасқан дәмхананың шатыры мен жабынына да от тиген. Қызыл жалынның аумағы 75 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 23 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.