15:00, 19 Қаңтар 2011 | GMT +5
Қарағандының мамандандырылған қылмыстық сотында мемлекетке опасыздық туралы іс қаралуда
ҚАРАҒАНДЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда мамандандырылған аймақаралық қылмыстық сотта жабық түрде мемлекетке опасыздық жасады деген айыптау ісі қаралуда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаев хабарлады.

«Іс мемлекет мүддесін қорғап отырғандықтан, «құпия» деген белгіде жүргізіліп, жабық түрде қаралуда», - деп атап өтті Е.Серекбаев. Істі қарау аяқталғаннан кейін сот қарауының нәтижелері жария етіледі, деп сендірді ол.
Әзірге белгілі болып отырғаны - айыпталып отырғандар облыстың екі тұрғыны. Оларды ҚР ҰҚК мемлекетке опасыздық жасады деп айыптап отыр. Айыптаушының болжамынша, олар шетелдік мемлекет өкілдеріне құпия құжаттарды беріп жіберген және осы әрекеті арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірген.