Қарағандының полиция қызметкерлері бір күнгі жалақыларын Таразда қаза болған әріптестерінің отбасына көмек ретінде аударады

ҚАРАҒАНДЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері Таразда қайтыс болған әріптестерінің отбасына материалдық көмек көрсетеді.
None
None

Бұл туралы бүгін облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлім етті.

«Біздің әріптестеріміз қызметін өтеу кезінде ерлікпен қаза тапты. Таразда болған қанды оқиға қайталанбауы керек. Біз барлығының қайғыларына ортақтаспыз. Біз бір күндік еңбекақымызды қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына көмек ретінде аударамыз», - деді Ж.Сембеков.

Соңғы жаңалықтар