Қарақшылық шабуыл үшін іздеуде жүрген азамат Ресейде ұсталды - ІІМ

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - 2005 жылғы маусымда бір топ адаммен Петропавл қаласы дүкендерінің бірінде 45 жастағы күзетшіге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан азаматы Ресейдің Екатеринбор қаласында ұсталды.
None
None

Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық полиция комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстық полициясы қызметкерлері мен Свердловск Ішкі істер бас басқармасы құқық қорғау органдарының бірлескен арнайы операциясы нәтижесінде, 2005 жылғы маусымда бір топ адаммен Петропавл қаласы дүкендерінің бірінде 45 жастағы күзетшіге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген 30 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды»,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар