02:13, 07 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қарақшылық шабуылға күдікті екі талдықорғандық ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қосауыз шолақ мылтық табылған 20 жастағы екі Талдықорған тұрғыны қылмыстық іске күдікті болып отыр.

Белгілі болғандай, талдықорғандық полицейлер 30 қаңтарда жергілікті тұрғындардың бірінен қарақшылық шабуыл жасалғандығы жөніндегі арызды тіркеген. Үш ер адам қала көшелерінің бірінде мылтықпен қорқытып жәбір көрушінің «Айфон-5» ұялы телефонын алып кеткен.
Полицейлер бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 191 бабы 2 бөліміне сәйкес, қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары ізін суытпай үш күдіктінің екеуін ұстады.
Факті бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.