Қарамұртта болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Қарамұрт ауылында болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ОҚО ІІД-нен хабарлады.
None
None

«Біз қазір БАҚ-қа ресми хабарлама дайындап жатырмыз. Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК 257 бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін бірқатар БАҚ-та сәрсенбі күні Қарамұрт ауылында жаппай төбелес салдарынан 17 көлік пен 8 дүкен қиратылды және 4 адам жарақаттанғаны хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар