Карантин кезінде той жасаған әншілердің туыстары жазаланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов карантин кезіндегі той үшін өнер жұлдыздарының туыстарын жазалауға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында карантин кезіндегі той үшін Роза Рымбаеваның ұлы мен Төреғали Төреәлінің туысын жауапқа тартуға қатысты сұрақ қойылды.

«Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Таңертең осы тақырыпты талқалаған болатынбыз. Министр менің көзімше Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиyге телефон шалды», - деді Б. Қожахметов.

Сонымен қатар ол қазіргі кезде Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе тексеру шаралары жүріп жатқанын атап өтті.

«Полиция аталған шараға қатысқандарды, өткізу орнын анықтау үшін тиісті тексеру жүргізуде. Осы орайда заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін бұл шараның шынымен де карантин кезінде өткізілуі , сондай-ақ қандай санитарлық нормалар бұзылғандығы анықталуда», -деді Б. Қожахметов.


Соңғы жаңалықтар