Карантин: Сенбі күндері қоғамдық көлік қызметіне шектеу қойылмайды

Премьер-Министрдің кешегі Үкімет отырысында берген тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдап отыр.
Атап айтсақ, сенбі күні қоғамдық көлік қызметіне шектеу қойлымайтын болды.
Сондай-ақ, 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.
Ал 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.