Қараша айында қанша қазақстандық дүниеге келді

2017 жылдың 11 айында қалалықтар - 10399,6 мыңды (57,4%), ауылдықтар - 7718,0 мың адамды (42,6%) құраған.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеуқорытындысы бойынша, 2017 жылғы қаңтар-қазан айларында туғандар саны 327,1 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,3%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті мың адамға 21,77 адамды көрсеткен.
Республика халқының 10 айдағы табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 17,5 мың адамға немесе 7,4% кеміп, 217,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,49 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 109,4 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,7% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті - 1000 адамға шаққанда 7,28 адам.
2017 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейінгі 2644 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 11,9% азайды.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, салдарынан 2017 жылғы қаңтар-қазанда 1322 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50% құрады. Туа біткен ауытқулардан 636 немесе 24,1%, тыныс органдары ауруларынан - 165 немесе 6,2% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 137 немесе 5,2% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-қазанда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,08 жағдайды құрады.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 28,5% көбейіп, 13 374 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 7,2% көбейіп, 31666 адам құрады, көші-қонның айырымы -18292 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр, атап айтқанда ТМД елдерінен келгендердің үлесі 71,5%, ТМД елдеріне кеткендердің үлесі - 89,7% көрсетті.
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесі еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 35,4% кұрады. Астана қаласы - 33 815 адам, Алматы қаласы - 25 568 адам және Ақмола облысында 1376 адам өңіраралық көші-қонның оң айырымы көрініс тапты.