Қараша айында Ұлтттық банктің халықаралық резервтері төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен айда Ұлттық банктің халықаралық резервтері 32,2 миллиард долларға дейін 1,4 пайызға төмендеді.

Бұл жайлы банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Қарашада Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері де 1,4 пайызға төмендеп, 31,6 миллиард долларды құрады. Таза валюталық активтер 1,5 пайызға, алтындағы активтер 0,8 пайызға төмендеді.

Г. Марченконың айтуынша, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері қоса алғанда елдің халықаралық резервтері 0,6 пайызға өсіп, 75,4 миллиард долларды құрады. Ал жыл басынан бергі өсім 27,3 пайыз болды. Күздің ақырғы айында ақша базасы 3,3 пайызға, тар ақша базасы 1,3 пайызға тарылды. Қазанда ақша массасы мен айналыстағы қолма-қол ақша көлемі де 0,03 пайызға төмендеді. Ақша массасы құрылымындағы депозиттердің үлесі қыркүйекпен салыстырғанда 87,2 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. Ақша мультипликаторы қыркүйектегі 3,41-ден қазанда 3,20-ға дейін төмендеді. Бұл қазанда тіркелген ақша базасының кеңеюі аясында ақша массасының біршама төмендеуіне байланысты болды.

Соңғы жаңалықтар