Қарашада астаналықтардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 мың теңгені құрады

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада  күнкөрістің ең төменгі деңгейінің орташа көлемі қазан айымен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеді.
None
None

Ал өткен 2011 жылдың қараша айымен салыстырғанда 9,7%-ға ұлғайды.  Қазіргі кезде ол  19 170 теңгені құрайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейіне  ет пен балықты   (24,5%), сүт өнімдерін, майы аз өнімдер мен жұмыртқаны  (15,6%),  жеміс пен көкөністі (10,4%),  нан өнімдері мен жарма өнімдерін (7,6%),  қант, шай мен дәмдеуіштерді  (1,9%) сатып алуға шығындар енгізілген, - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар