20:34, 07 Қараша 2025 | GMT +5
Қарашаның қара суығы бұрқасынға ұласады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Атлант мұхитының циклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ және төменгі бұрқасынмен бірге желдің күшеюі болжанады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыс өңірлерде +5…+15°С, солтүстік-батыста 0…+10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3…+2°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5…+15°С шамасында болады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Астанадағы көлік кептелісі 10 балға жетті.