Қарашаның ортасында шаруаларға револьверлік кредит беру басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында шаруаларға револьверлік кредит беру қашан басталатынын айтты.

кредитование аграриев
Фото: АШМ

- Биыл ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ына тең. Элиталық тұқымдардың үлесі 9,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті, - деді Айбардек Сапаров.

Айтуынша, ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады.

- 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады. Бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді, - деді министр.

Айта кетейік, Үкімет бүгін егін жинау науқанын қорытындылап, спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесін пысықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар