Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалық құжаттарын әзірлеу басталды — Ақкенженов

АСТАНА. KAZINFORM — Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалық құжаттарын әзірлеу басталды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

Ерлан Ақкенженов
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Биыл жобалық құжаттарын әзірлеуге кірістік. Ол нақты бірнеше кезеңді өткізуді талап етеді. Осы жылы құрылысты бастайтындығымызға еш күмәнім жоқ, — деді Энергетика министрі Ақордада.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың «CITIC Construction Co., Ltd» компаниясы арасында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастықтың базалық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. 

Құжат Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобасын іске асыру негіздерін, оның ішінде құнын бағалау, жабдықтар жиынтығын және ынтымақтастық бағыттарын айқындайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум