«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына 739 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасынан мәлім болды.

Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған кен орындары есебінен 2024 жылы газ өндіруді 2,3%-ға арттыру жоспарланып отыр
Фото: tengizchevroil.com/psa.kz/kbv.kz/freepik

БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АҚ (бұдан әрі - Компания) қызметінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары мен төгінділерінің жалпы көлемі 264 тонна фактілерін анықтады.

- Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Компания ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу), жалпы сомасы 739 568 808 теңгеге айыппұлдар толығымен өндірілді, - делінген хабарламада.

Осыған дейін ауасы ластанған Атырауда қоршаған ортаны қай компаниялар бүлдіретіні туралы материал жариялаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар