19:09, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарашығанақ кенішінде геодинамикалық полигон салынып, оған жеті сейсмологиялық стансы орналастырылмақ
ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қарашығанақ кенішінде биыл геодинамикалық полигон салынып, оған жеті сейсмологиялық стансы орналастырылмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қадыр Бисембаевтың сөзіне қарағанда, бұл стансылар кен орны аумағы ғана емес, жалпы облыс көлеміндегі сейсмологиялық өзгерістерді тіркеп отыратын болады.
Өткен жылғы сәуірде Теректі ауданындағы Рыбцех елді мекенінде жер сілкініп, тұрғындар Сарыөмір мен Аңқаты ауылдарына көшірілген болатын.