Қарашығанақ жобасының үшінші кезеңі бойынша мәселе 30 маусымнан кейін белгілі болуы мүмкін

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Қарашығанақ жобасының үшінші кезеңі туралы мәселе 30 маусымнан кейін белгілі болуы мүмкін.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Магистральдық құбыр туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында «PSA» ЖШС Қарашығанақ мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Даниэль Уайсов мәлім етті.

«Менің ойымша, Қарашығанақтың үшінші кезеңі туралы мәселе реттеу туралы келісімшартта көрсетілген Қазақстанның өз міндеттемелерін толық орындап болған соң қаралуы мүмкін. Яғни, жобаның үшінші кезеңінің күнін белгілеу, оның басталуы туралы нақты мәліметтер тек  ағымдағы жылдың 30 маусымынан кейін ғана белгілі болады», - дейді депутаттар сауалына жауап берген Д. Уайсов.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 14 желтоқсанында ҚР Үкіметі мақұлдап, Мұнай және газ министрі мен Қаржы министрі Қарашығанақ жобасына қатысты реттеу туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл келісімшарт бойынша бірқатар жылдарға созылған дау-дамай реттелетін болады. Сонымен қатар, жобада еліміздің 10 пайыздық үлесі қамтылады. Жобаға мемлекеттің бақылауы мен қатысу құқығы да беріледі.

«Келісімшарт екіжақты құжат болғандықтан, республикамыз  өзіне белгілі бір міндеттемелерді алып отыр. Атап айтқанда, солардың бірі - 2012 жылдың 30 маусымына дейін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылады», - дейді Д. Уайсов.

Соңғы жаңалықтар