Қарасора-2025: 3 айда 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш тәркіленген
АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов «Ұарасора-2025» кең ауқымды операциясының 3 айдағы нәтижесін айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Қуандық Әлжанов үш айда есірткі саудасымен байланысты 677 қырмыс тіркелгенін айтады.
Соның арқасында есірткі сатудың 242 фактісі қарасора өсірудің 220 дерегі анықталып, 6 тонна есірткі заты, 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш, 3 тонна қарасора өскіні, 155 кг синтетикалық есірткі, 8,5 тонна прекурсор тәркіленген. Құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 27 мыңнан астам бұтасы жойылған.
- Осы қлымыстарға қатысы бар деген күдікпен 1 082 адам ұсталып, 283-і уақытша ұстау изоляторына қамалды. 9 есірткі зертханасы жойылып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.
Операция барысында басты назар елдің оңтүстік өңірлеріне аударылады, өйткені дәл осы аймақтарда құрамында есірткісі бар өсімдіктердің табиғи таралу және өсіру базасы орналасқан.
– Жамбыл облысында жабайы қарасораның жалпы таралу алаңы 7 ауданның аумағында 63 мың гектардан асады, - дейді Қуандық Әлжанов.
Сондай-ақ, ол Шу өңірінде 18 жылдан бері жұмыс «Дельта-Долина» өңіраралық бөлімі істеп келе жатқанын еске салды.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан қарасорадан қағаз жасайтын жобаны зерделеп жатқанын мәлім еткен болатын.