Қарасора: Елордада бес айда 130 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізілген «Қарасора – 2022» жедел алдын алу шарасының нәтижесін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бұл шаралар есірткі, психоактивті заттар мен синтетикалық есірткі өткізу және сақтау фактілерін анықтауға, сондай-ақ есірткі таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз өсіру, транзиттеу фактілерінің жолын кесуге, жасырын есірткі зертханаларын анықтауға бағытталған», - деді Сергей Ильинов Есіл аудандық полиция басқармасында өткен брифингте.

Оның айтуынша, мақсатты іс-шараларды өткізу үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінен жедел топтар құрылған.

«Қарасора-2022» жедел алдын алу шарасы кезінде елордада есірткіге қатысты 358 құқықбұзушылық тіркелді. 130 келіге жуық түрлі есірткі, оның ішінде 54 келі марихуана, 61 келі гашиш және 14 келіге жуық синтетикалық есірткі заңсыз айналымнан шығарылды», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар