Қарасу ауданына жаңа әкімі тағайындалды - Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімінің өкімімен Қарасу ауданының әкімі қызметіне Алмабек Шәмшиев тағайындалды.
None
None

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алмабек Қуанышұлы Шәмшиев 56 жаста, Алматы қаласының тумасы, жоғары білім бар (Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын «агрономия», сондай-ақ Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару» мамандығы бойынша тәмамдады).

А.Шәмшиев агроном болып жұмыс істеді, одан кейін «Наурызым» кеңшары партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1987-1992 жылдар аралығында «Авангард» кеңшарының директоры, ал 2004 жылға дейін Қостанайдағы бірқатар коммерциялық құрылымдардың басшысы болды, одан соң мемлекеттік қызметке кірісіп, облыс орталығы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. Екі жыл бойы Қостанай облысы бойынша көші-қон департаментінің директоры болып жұмыс істеді және ведомствоның жойылуына байланысты Қостанай ауданы әкімінің орынбасарлығына ауысты. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар