Қаратау қаласында 22 жастағы жұмысшы қаза болды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Талас ауданы аумағына орналасқан кен байыту фабрикасының ескі ғимаратын бұзу кезінде қабырға құлап басып қалған Қаратау қаласының тұрғыны ауруханада қайтыс болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Талас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Берік Бүркітбаевтың айтуынша, әлгі жұмысшыны жалдаған жекеменшік фирма «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорны аумағында құрылысты бұзу жұмыстарымен айналысқан.Жұмысшының қаза болу факті бойынша тиісті сараптама шаралары тағайындалып отыр. Облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша, 2008 жылы 10-нан астам адам түрлі өндірістік жарақаттар алған. Жағдайдың көпшілігінде зардап шегушілердің өздері кінәлі болған, олар қауіпсіздік техникаларын дөрекі бұзған. Атап айтқанда, Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» алтын өндіру кенішінде шахтаның ішінде тас үйінділерінің астында қалып, қаза тапқан екі жұмысшы табылды. Ал Тараздағы химия кәсіпорындарының бірінде екі жұмысшы уланып қалып, қайтыс болды.
Соңғы жаңалықтар