Қаратерең ауылында балық өңдеу цехы іске қосылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қаратерең ауылдық округінде балық өңдеу цехы ашылып, пайдалануға берілді.
None
None

Жаңа кәсіпорынды осы ауылдық округте орналасқан «Қуаныш» ЖШС ашты. Серіктестік оны  «Қызылорда» ӘКК» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып іске қосты. Осы арқылы «Қаратерең ауылдық округінде жылдық қуаттылығы 400 мың тонна балық өңдеуді ұйымдастыру» жобасы жүзеге асты. Жоба аясында аталған елді мекенде «Қаратерең-балық» ЖШС құрылды. Нақты кезеңде мұнда 4 мұздатқыш ғимарат салынып, оларға мұздат­қыш қондырғылар орнатылған. Серіктестік басшысы Батырхан Пірекеев теңізден ауланатын балықтың Қазақстан аумағына таралатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар