Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының алтыны үшін таласады

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

каратэ
Фото: sports.kz

Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы Д.Юлдашев 84 келіге дейінгі салмақта үш қарсыласын жолдан тайдырды.

Қазақстандық спортшы таиландтық Тиирапат Канабкаевты 6:2, 2018 жылғы Азия ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері, тайбэйлік Чун Вей Вуды 7:4 ұтты. Содан кейін жартылай финалда иорданиялық, екі мәрте Азия чемпионы Мохаммед Алжафариді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Данияр Юлдашев финалда малайзиялық Бин Аб Маликпен алтын үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәмила Бақбергенованың Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар