21:13, 12 Сәуір 2026 | GMT +5
Каратэші Софья Берульцева Қытайдағы Премьер-лига турнирінде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Лэшань қаласындағы каратэден Премьер лига турнирінде қазақстандық спортшы Софья Берульцева алтын жүлде жеңіп алды.
Қазақстан каратэ федерациясынан мәліметінше, +68 келі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда Непал өкілі Арика Гурунгты 2:1 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Әлемдік аламанда әр салмақ бойынша 32 үздік спортшы бақ сынап жатыр.
Айта кетейік, Софья биылғы маусымдағы барлық Премьер-лига турнирінде топ жарды.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық каратэші Қытайдағы Премьер-лиганың қола жүлдесін жеңіп алғанын жазғанбыз.