Қаратөбе съезі өткен тарихи орынға ескерткіш тақта орнатылды - БҚО

ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қаратөбе ауылында тарихта «Қаратөбе съезі» деген атпен қалған Орал қазақтарының 1918 жылғы 18 ақпанда ІІІ съезі өткен орынға орнатылған ескерткіш тақта ашылды.
None
None
Аудан күні аясында ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, еңбек ардагері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы Тілекқабыл Сағынов қатысты. Тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы, алаштанушы Дәметкен Сүлейменованың атап өткеніндей, ел азаттығын аңсаған қазақ зиялылары бас қосқан тарихи орынның ұмыт қалмай, халық жадында қайта жаңғыртылуының маңызы зор. Әсіресе, Қаратөбе съезінде Күнбатыс Алашордасын құрушылардың бірі Жаһанша Досмұхамедовтің жалынды сөз сөйлегені белгілі. Ендігі мақсат - осының бәрін ел есінде қалдырып, жеткіншек ұрпаққа үлгі ету. Бұл туралы ауданда ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференциясында да кеңінен сөз болды.
Соңғы жаңалықтар