Қаратөбеде бірнеше нысан пайдалануға берілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қаратөбе ауданында бірнеше нысан пайдалануға берілді.
None
None

Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Әлжановтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, 100 орындық «Жазира» балабақшасы үшін ғимаратты күрделі жөндеуге 20 млн. теңге жұмсалып, бұл жұмысты «Қалдығайты» ЖШС (басшысы Ерболат Сәрсенғалиев) атқарды. Аудан орталығында ашылған тағы бір нысан - спорт кешені. Бұл ғимаратты 30 млн. теңгеге «Аққозыпромстрой» ЖШС (басшысы Құсайын Мұқанов) күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ 50 орындық қоғамдық моншаның  бірінші кезеңі аяқталды. Бұған барлығы 24 млн. теңге қаралып отыр.

Соңғы жаңалықтар