Қаражыра кен орнында 2017 жылға дейін көмір өндірісі жылына 10 млн. тоннаға дейін жеткізілмек

«Енді біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр - ол өндіріс көлемін 8-10 млн. тоннаға дейін жеткізу. Алдын ала болжам бойынша 10 млн. тонна көмірді жақындағы үш жылдың ішінде алатын боламыз»,- деді Семей әкімдігінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты меморандумға қол қойғаннан кейін «Каражыра Ltd» ЖШС-ның директоры Марғұлан Мәкішев.
«Қаражыра» ЖШС жұмыскерлерінің саны - 1200 адам. «Биылғы жылы еңбекақыны 15 пайызға көтердік, соңғы үш жылда жалақы 45 пайызға өсті, орташа еңбекақы 102 мың теңгені құрайды. Жыл сайын салық аударымы мен барлық деңгейдегі бюджеттер 1 млрд. 150 млн. теңгені құрайды. Халықтың әлжуаз тобына, зейнеткерлерге, ардагерлер мен ауғандықтарға демеушілік көмек сомасы 25 млн. теңгеге теңеседі. Көмірді тегін беріп, өз қызметкерлерімізге 9 млн. теңге демеушілік көмек көрсетеміз», - деді М.Мәкішев.