Қарғалы өзенінде болған су тасқынына байланысты жағдай толық бақылауға алынды – Алматы қаласы әкімінің орынбасары

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қарғалы өзенінде орын алған су тасқыны салдарын жоюға 1600-дей адам жұмылдырылды. Бұл туралы бүгін Наурызбай ауданы әкімдігінде болған баспасөз брифингінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті.
None
None

«Қарғалы өзенінде болған су тасқыны салдарынан Алматы қаласының үш ауданы - Наурызбай, Әуезов және Алатау ауданында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерді су басты. Алатау ауданына қарасты Алғабас кентінде 97 үйдің ауласы су астында қалды. Бірақ үйлерге ешқандай зақым келген жоқ. Қазір жағдай толық бақылауға алынды. Қарғалы өзенінің су деңгейі бесеңдеген соң, су тасқынынан көп зардап шеккен Наурызбай ауданында орналасқан тұрғын үйлерді аралап, келтірілген шығындарды есептейміз», - деді өз сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин.

Қала басшысының орынбасары сонымен қатар селдің салдарын жою жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің және ұлттық гвардияның бөлімшелері қатысқанын жеткізді. Барлығы 1600 адам жұмылдырылған. Біз бүгін сонымен қатар Үлкен Алматы көлі мен нөмірі №7 көлдің жағдайы барланған. Сел болатындай ешқандай қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар