Қарғалы өзенінде екінші қайтара сел жүру қаупі жоқ - Т.Тәжібаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қарғалы өзеніндегі су бөгеті сел тасқынына ойдағыдай төтеп берді. Қазір ол қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қабырғаларына ешқандай сызат түспеген. Бұл туралы бүгін сел тасқыны болған аймаққа жасалған баспасөз туры барысында «Қазселденқорғау» ММ-нің Алматы аймақтық техникалық пайдалану басқармасының директоры Талғат Тәжібаев мәлім етті.
None
None

«Қазіргі таңда жергілікті тұрғындарға Қарғалы өзенінен келіп-кетер ешқандай қауіп жоқ. Өзен ағымының жылдамдығы секундына 2,5 текше метрді қрайды. Ал сел барысында 20-30 текше м/с болғаны белгілі», - деді Т.Тәжібаев. Оның айтуынша, екінші қайтара сел бола қалған жағдайда бөгет оған төтеп береді. Бірақ алдағы уақытта Қарғалы өзенінің бөгеттен төменгі жағындағы арнасын әрі тереңдетіп, әрі кеңейту қажет. «Қарғалы өзенінде қазір сел жүру қаупі жоқ. Бірақ 66, 11, 13 және 47-ші (Ақсай) көлдерде сел түзілу қаупі бар. Сондықтан Ақсай және Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы жағындағы Аюсай шатқалында жаңа бөгеттер салу қажет», - деді Т.Тәжібаев. Айта кетелік, Қарғалы өзеніндегі бөгет теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Оның биіктігі - 28 метр.

Соңғы жаңалықтар