Кариб теңізінде жер сілкінісі болды

ASTANA. KAZINFORM - Кариб теңізіндегі Виргин аралдарының жағалауында 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы Report.az Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап хабарлады. 

Кариб теңізі
Фото: report.az

Ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 02:58-де шамамен 8,4 мың адам тұратын Род-Таун қаласынан (Британдық Виргин аралдары) солтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде тіркелген.

Жерасты дүмпуі 20 км тереңдікте болған. 

Құрбандар мен қирау туралы ақпарат айтылмады, цунами қаупі де жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, Аргентина жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың эпицентрі шамамен 58 мың халқы бар Ушуая қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 285 шақырым және шамамен 117 мың адам тұратын Чилидің Пуэнта-Аренас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар