«Кариб теңізінің қарақшылары» актері акула шабуылынан кейін қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – «Кариб теңізінің қарақшылары» фильміндегі рөлі арқылы танымал Голливуд актері Тамайо Перри Гавай аралдарында серфингпен жүргенде акула шабуылынан қаза тапты,  деп жазады ВВС.

«Кариб теңізінің қарақшылары» актері акула шабуылынан кейін қайтыс болды
Фото: Instagram/Tamayo Perry

Гонолулу құтқару қызметі 49 жастағы актердің жексенбі күні түстен кейін қайтыс болғанын растады. Құтқару қызметі Малаекахана жағажайына жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында шақырылды. Өзі де құтқарушы болған актер жағаға гидроциклмен жеткізілді. Алайда медицина қызметкерлері оны құтқарып қала алмады. Перри фильм франшизасының төртінші бөлігінде «Кариб теңізінің қарақшылары: бейтаныс толқындарда» басты рөлді сомдады. Ол сондай-ақ Lost, Hawaii Five-0 және Blue Crush телехикаяларында ойнаған.

Гонолулу мұхитындағы қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Курт Лагер Перридің бәрі жақсы көретін құтқарушы болғанын айтты.

«Адамдар оны қаншалықты жақсы көрсе, ол басқаларды одан артық жақсы көрді», - деп қосты ол Тамайоның отбасына және оны жақсы көретіндердің барлығына көңіл айта отырып.

Соңғы жаңалықтар