Кәрім Мәсімов ел өңірлерін аралайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысу үшін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов еліміздің өңірлеріне сапармен барады.
None
None

«Президенттің тапсырмасы бойынша шілде-тамызда елдің барлық өңірлеріне сапармен барамын. Сапар кестесі әкімдермен келісіліп жатыр. Әр облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша нысандарды аралауды міндетті түрде  ескеру қажет»,-деді К. Мәсімов Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, алдағы аптада Министрлер кабинеті мемлекеттік бағдарламаның нысандарына бағытталатын қаржыны қайта бөлу туралы шешім қабылдайды.

Осы ретте Премьер-Министр аталған бағдарламаның орындалу барысын Үкімет мүшелері ағымдағы жылы ай сайын отырыстарда қарастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар