Кәрім Мәсімов Қытайда жұмыс сапарымен болады

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің 29 мен мамырдың 1-і аралығында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қытайда жұмыс сапарымен болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәуірдің 29 мен мамырдың 1 аралығында Қазақстанның Премьер-Министрі К. Мәсімовтің Шанхай қаласында өтетін «ЭКСПО-2010» дүниежүзілік көрменің ресми ашылу рәсіміне қатысуымен ұштастырылған Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары болады», деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет басшысы сапар барысында Қытайдың саяси басшылығымен және Қазақстанда жұмыс істейтін ірі Қытай компаниялары басшыларымен бірқатар кездесулер өткізбек. «Келіссөздер барысында екі мемлекет арасындағы екі жақты ықпалдастықтың көкейкесті мәселелері және болашақ ынтымақтастық шаралары талқыланады», деді А. Әбдірахманов.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, «ЭКСПО-2010» дүниежүзілік көрмесі Шанхай қаласында биылғы жылғы мамырдың 1 мен қазанның 31-і аралығында өтеді. Көрменің ашылу рәсімі сәуірдің 30-ына белгіленіп отыр.

Қазақстанның ұлттық экспозициясының айдары - «Астана - Еуразияның жүрегі». Қазақстандық павильон Астананы әлемнің ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан елордалардың бірі ретінде таныстырады.

Соңғы жаңалықтар