Кәрім Мәсімов пен Виктор Орбан Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесін құруға келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан мен Мажарстан үкіметтері арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды.
None
None

Атап айтқанда, бүгін Үкімет үйіндегі келіссөздерден кейін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесін құру туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бұдан бөлек, ҚР Бас прокуратурасы мен Мажарстан Әділет министрлігі арасында екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты бекітті.

Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасында кәсіптік-техникалық білім беру және даярлау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аталған елдің Сыртқы экономикалық байланыс және сыртқы істер министрлігі ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру жөніндегі бірлескен қор құру талаптары туралы алдын ала келісімді бекітті.

Соңғы жаңалықтар