Кәрім Мәсімов «Самұрық Қазына» АҚ Директорлар кеңесін басқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстандық қор биржасының баспасөз қызметі компанияның ресми хатына сілтеме жасап хабарлады.
None
None

«ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 Қаулысымен «Самұрық Қазына» АҚ Директорлар кеңесі құрамына өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес, Директорлар кеңесінің Төрағасы болып Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов тағайындалып, басқа қызметке ауысуына байланысты С. Ахметов оның құрамынан шығарылды»,-делінген құжатта.

Соңғы жаңалықтар
Референдум