Кәрім Мәсімов Талдықорғандағы жұмыс сапарында өңір кәсіпорындары жұмысымен танысты (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Талдықорғанға жұмыс сапары аясында Алматы облысы әкімі Амандық Баталовпен аймақтағы кәсіпорындар жұмысын көрді.
None
None

Үкімет басшысына таныстырылған «Green Land Alatau» ЖШС жылыжай кешені Алматы қаласы мен Алматы облысының барлық ірі сауда желілеріне көкөністер жеткізеді. Аталған шаруа қожалығы 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Green Land Alatau» ЖШС өнімін жеткізу бойынша Ресей федерациясының қарқынды дамып келе жатқан «МАГНИТ» сауда желісі, сонымен қатар, «Дикси», «HOLLIDAY», «МАРИЯ РА», «Ярче» ірі өңірлік желілермен шарт жасасқан болатын. Бұған кәсіпорынның «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуы көмегін тигізді. 

Сондай мекеменің бірі - «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы, ол 1999 жылы құрылған. Компания сүт зауыты, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығымен айналысады.

ҚР Премьер-Министріне аймақ басшысы Амандық Баталовқарқынды дамып келе жатқан тағы бір кәсіпорынды таныстырды. Ол - «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС. Онда 340 астам жұмыс орны құрылып, жүгері дәндерін өңдейді. Зауыттың жылдық қуаттылығы - 60 000 тонна.
Бұл көрсеткішті жылына 300 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Мұндай көрсеткішке қол жеткізуге зауыттың орналасқан орны, яғни Алматы облысы Панфилов ауданы негіз болып отыр. Аталған аудан крахмал өнімдерін дайындауға қажет жүгері өсіруге қолайлы аймақ.
Шикізат зауыттың алқабында өсіріледі, сонымен қатар Панфилов ауданындағы шаруа қожалықтардан сатып алынады.

null null null  

Соңғы жаңалықтар