Кәрім Мәсімов ТМД және Балтық елдерінің бірқатар БАҚ жетекшілерін қабылдады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің Facebook парақшасы мен pm.kz. сайтында хабарланған.
Кездесу барысында медиа-кеңістікті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды, бұқаралық ақпарат құралдарының заманауи жұмыс үдерістері талқыланды. Кездесу соңында Кәрім Мәсімов журналистердің сауалдарына жауап берді.
VI Еуропалық және азиялық медиафорум (2011 жылдың 20-22 қарашасы) «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: БАҚ және қоғам» деген тақырыпта өтеді.
«РИА «Новости» медиа-холдингі ұйымдастырып отырған форумға ТМД, Балтық және Грузия елдерінің 250-ден астам өкілі, оның ішінде БАҚ басшылары мен посткеңестік кеңістіктегі медиа-индустрияның топ-менеджерлері, сарапшылар мен талдамашылар қатысады.
Биылғы форумда ақпараттық технологиялар қарқынды дамып отырған қазіргі жағдайдағы масс-медианың ерекшеліктері және ақпараттық қоғамдастықтың алдына қойылып отырған заманауи талаптар талқыланады. Экономикалық мемлекетаралық бірлестіктердің даму перспективасы да сөз болмақ.
ЕАМФ-2011 бағдарламасында пленарлық және секциялық отырыстар, «дөңгелек үстел» отырыстары мен сессиялар, сондай-ақ жаңа мультимедиялық өнімдердің таныстырылымы жоспарланып отыр. Арнайы сессияларда әлеуметтік желі қызметтерінің салдарлары, тұрақсыз экономика жағдайындағы медиа-индустрия, ұлттық ақпараттық модельдердің ерекшелігі сияқты өткір мәселелер де қарастырылады.