Кәрім Мәсімов Twitter-де виртуалды шынайылықты дамыту перспективалары туралы видео жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі парақшасында видеоролик жариялады, онда Tesla Motors басшысы Илон Маск виртуалды шынайылықты дамыту перспективалары туралы пайымдайды, деп хабарлайды pm.kz.
«Бір жыл бұрын бізде «Пинг-понг» - екі тік төртбұрыш және нүкте болды. Осындай ойындар болатын. Қырық жыл өткеннен кейін бізде фотореалистік 3D-симуляторлар бар, оны бір мезетте миллион адам ойнайды, және олар жыл сайын жақсарып келеді. Жақында бізде виртуалды шынайылық, толықтырылған шынайылық пайда болады.
Жақсарудың қандай да бір қарқыны сақталатын болса, көп кешікпей ойындардың шынайылықтан айырмашылығы болмайды.
Бір күндері ойындардың шынайылықтан еш айырмашылығы болмаса, оған қоса олар кез келген компьютерде, приставкада немесе болашақта қандай да бір құрылғыда қолжетімді болса, ал мұндай құрылғылар миллиард болады, онда біздің бұрынғы шынайылықта қалу мүмкіндігіміз миллиардқа біреу ғана болмақ. Айтыңыздаршы, мұның несі жаман?», - деген сұрақ қойды Илон Маск видеода.
RT @elonmusk At this point, I'm really running out of crazy things to say. Any suggestions? pic.twitter.com/yQRIAdWJxs
— Карим Масимов (@KarimMassimov) 21 июля 2016 г.