Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшының тапсырмасымен өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда.
None
None

Бүгін К.Мәсімов өңірдің дамуын жеке бағалау, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау үшін Қостанай облысына келді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Премьер-Министр тұрғын үй құрылыстарымен, автокөлік кластерінің дамуымен танысып, ауыл шаруашылығы мен металлургия кәсіпорындарына барады және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мәселелері бойынша жиналыс өткізеді.

Сонымен бірге, Кәрім Мәсімов ауыл шаруашылық кәсіпорын жетекшілерінің қатысуымен мал шаруашылығын дамыту туралы арнайы жиналыс өткізеді. Отандық өнеркәсіптердің қуаттылығын көбейту және өнімнің сапасын жақсарту мәселелеріне басты назар аударылады.  

Соңғы жаңалықтар