Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды», - делінген ресми хабарламада.

Комитеттен мәлім еткендей, қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды.


Фото: kazakh-zerno.net




Соңғы жаңалықтар