Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогы кезеңінде Олимпиада жүлдегерін жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті.

Карина Ибрагимова
Фото: ҰОК

Бұрымды боксшымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері У Ши Имен (Қытайлық Тайбэй) жұдырықтасты.

Карина алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Даниял Сәбит (50 келі) жарысты аяқтаған болатын.

Айта кетелік Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-придің жартылай финалына шықты.