Карина Магрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 

Карина Магрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 18 шілдеде әртістік жүзуден жарыстар басталды. Бұл сында Қазақстан атынан Карина Магрупова бақ сынады. 

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасы бойынша 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға жайғасты. Осылайша, Карина Магрупова финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. 

Айта кетейік, финалдық сайыс 19 шілдеде өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сингапурде өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден еліміздің атынан кімдер сынға түсетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар