Кәріс компаниясы инвестициялық жобаларды іске асырады

Қол қою рәсіміне кәріс жағынан «HK Group» компаниясының төрағасы Саймон Ким мен «Teayong Telecomunication & Electric Engineering Inc » компаниясының төрағасы Джин Ги Ким қатысты.
Келісім негізінде екі жақ бірігіп индустриялық-инновациялық жобаларды іске асырады. Нақтылап айтар болсақ, электр энергиясын үнемдеу, машина жасау мен фармакология салаларын дамытуға күш салады. Сонымен қатар, «LED» лампаларын, «NANO-SOUL» косметикасын нанотехнология көмегімен сусындар шығару жоспарда бар. Бұған қоса газтурбиналық электр стансасын салу межеленіп отыр.
«HK Group» компаниясының төрағасы Саймон Кимнің айтуынша, шығарылатын косметикалық өнімдер табиғи заттардан жасалады. Нанотехнологияның көмегімен жуаны қосу арқылы жасалатын косметикалық өнім көптеген ауруларға ем болады. Бұл жобаны іске асыруға Қызылорда облысы тектен-тек таңдалмаған. Оңтүстікте орналасқан аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге өте қолайлы. Сондай-ақ, компания электр энергиясын үнемдейтін диодты лампалар шығарады. Ол басқалардан 70 пайызға тиімді.