Кәріз жүйесіне темекі тұқылын тастап, жарылысқа себепкер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көшеден өтіп бара жатқан азаматтың аяқжолдағы кәріз жүйесінің тесігіне тастаған  темекі тұқылы жарылысқа себеп болды, деп жазады Daily Mail.

Кәріз жүйесіне темекі тұқылын тастап, жарылысқа себепкер болды

Тегеранда (Иран) болған келеңсіз оқиға көшеге орнатылған видеокамераға түсіп қалған. Жарылыс кінәліні ұшырып жіберген. Кадрда  оның еңбектеген күйі жарылыс болған жерден кетуге әрекеттенгені көрініп тұр.

Бұл роликті алдымен Twitter пайдаланушысы өз аккаунтында жариялаған. Сондай-ақ ол темекі мен оның тұқылын кәріз құдығына  тастау  өте қауіпті екендігін де қоса жазған.