14:15, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қарқаралы ұлттық табиғат саябағындағы өрт сөндірілді - Қарағанды облысының ТЖД
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Құрқарушылар үш күн бойы жалынмен алысқан Кент орман шаруашылығындағы Қарқаралы ұлттық табиғи саябағында орын алған өрттің сөндірілгендігі туралы бейсенбі, қыркүйектің 23-і күні Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 11.00-де Кент орман шаруашылығындағы өрт сөндірілді. Орман шаруашылығы тағы да жанып кетпесін деген мақсатпен жалын шарпыған аумақтың барлығын тексеруде, деп аталып өтілген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 20-сы күні, сағат 14.45-те Кент орман шауаршылығындағы Қарқаралы ұлттық саябағында құрғақ орман алқабы мен екі жерде құрғақ дала аумағы жанған. Тілсіз жауды тоқтатуға облыстық ТЖД өрт сөндіруге қарсы қызметтің, ұлттық саябақ пен ерікті өрт сөндірушілер құрамының 420-дан астам қызметкері мен 50 дана техника, соның ішінде бір тікұшақ жұмылдырылған.