Қарқаралы Ұлттық табиғи саябағында бір тәуліктен астам уақыт бойы орман жанды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағында бір тәуліктен астам уақыт бойы орман жанды.
None
None

ҚР ТЖМ-ның мәліметтеріне сәйкес, өрт қыркүйектің 20-сы күні сағат 14.15-те Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округіндегі Ұлттық табиғи саябақтың Кен орман шаруашылығының 48, 52, 53 және 62-ші бөліктерінде болды. Тілсіз жау толық күйінде қыркүйектің 21-і күні кешқұрым ауыздықталды.

Оның жоюға облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 29 адамы мен 7 техникасы, Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағының 1 тікұшағы, 57 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ Қырғыз ауылдық округінің 348 тұрғыны мен 34 техникасы жұмылды.

Жалынның шарпыған аумағы 23,5 гектарды құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар