Қарқаралыда кәсіпкер әйелді тонаған қылмыстық топтың тағы бір мүшесі қолға түсті

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«2010 жылы, мамырдың 20-сы күні 1985-87 жылдары дүниеге келген алты қылмыскер Қарқаралыда тұратын кәсіпкер әйелдің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. Қаруланған қылмыскерлер кәсіпкердің ақшасы мен алтын бұйымдарын алып кетен. Ақшамен есептегенде, ұрланған заттардың жалпы құны 2,6 млн. теңгені құраған», - деп еске салды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қылмыс жасағандардың төртеуі қолға түскен, олар қарақшылық жасағандары үшін жазаға тартылды. Екі қылмыскерге іздеу салынған болатын. «Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 2010 жылғы қыркүйектің 15-і күні Қарқаралы ауданының ІІБ қызметкерлері Қарқаралыда іздеу салынған қылмыскердің бірін қолға түсіріп, ол уақытша қамау орынына жабылды», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.