Қарқынды экономикалық өсім керек - Олжас Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM — Экономикалық өсімді ынталандыруға қаржы бөлу бағытында жұмыс істеу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Бектенов
Фото: Үкімет

- Қазір көптеген ел экономикалық өсімді ынталандыруға қыруар қаржы бөліп жатыр. Мен өзіңізге, Серік Мақашұлы (Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин) тиісті ақпаратты жібердім. Германия бойынша, басқа да елдер осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бізге де осы бағытта жұмыс істеу керек. Бізге қарқынды экономикалық өсім керек. Әрине, сапасы да болуы қажет. Бірақ, қарқыны өте маңызды. Сондықтан жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Үкімет отырысы барысында Серік Жұманғарин 2025-2029 жылары аралығында жиынтық инвестиция 400 млрд АҚШ долларына жететінін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум