Карло Анчелотти - клубтық деңгейдегі әлемнің үздік бапкері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) италиялық Карло Анчелоттиді 2022 жылғы клубтық деңгейдегі үздік бапкер атағына лайықты деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карло Анчелотти - клубтық деңгейдегі әлемнің үздік бапкері

Карло Анчелотти былтыр Испанияның «Реал Мадрид» клубымен UEFA Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионы атағын жеңіп алды. Ол өзінің мансабында жылдың үздік бапкері атағына үшінші мәрте ие болып отыр.

Дауыс беру нәтижесінде «Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола екінші орын алды. Ал Марокко құрамасы мен «Видад» клубының бас бапкері Валид Реграги клубтық деңгейде CAF Чемпиондар лигасында бас бәйге алса, Марокко біріншілігінде топ жарды.

IFFHS нұсқасы бойынша клубтық деңгейде үздік атанған бапкерлер тізімі

1. Карло Анчелотти («Реал»);

2. Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»);

3. Валид Реграги («Видад»);

4. Юрген Клопп («Ливерпуль»);

5. Жозе Моуринью («Рома»);

6. Оливер Глоснер («Айнтрахт);

7. Унаи Эмери (»Вильярреал«/«Астон Вилла»);

8.. Доривал Джуниор («Фалменго»);

9. Абель Феррейра («Палмейрас»);

10. Уго Ибарра («Бока Хуниорс»).

Еске салсақ, бұдан бұрын футболшы Гарет Бэйл кәсіби мансабын аяқтады.


ФОТО: GETTY IMAGES